Қазақстан-АҚШ: екіжақты ынтымақтастықтың негізгі салаларын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан-АҚШ: екіжақты ынтымақтастықтың негізгі салаларын дамыту мәселелері талқыланды

2023 жылғы 7 маусымда Астанада Cауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия бойынша көмекшісінің орынбасары Д. Де Фалкомен кездесуі өтті.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі салаларын дамыту, сондай-ақ қазіргі геосаяси жағдай аясында өзекті тақырыптарды талқылады.

Қ.Төребаев Министрліктің өңірлік сауда интеграциясын нығайту, сауда жолдарын әртараптандыру және экспорттаушыларға қолғабыс көрсету бойынша жүргізіп жатқан қызметі туралы хабарлады.

Өз кезегінде Дэвид ДеФалко Қазақстанның барлық көрші елдермен достық қарым-қатынаста екенін атап өтіп, АҚШ-тың тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Халықаралық Астана форумының алаңдарында кездесуге үміт білдірді.