
22 мамырда Сингапур Республикасы Президентінің Астанаға ресми сапары аясында көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Бұл Қазақстан үшін осындай алғашқы құжат болып табылады.
Келісім көрсетілетін қызметтер кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы және болжамды жағдайларды көздейді, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сәйкес инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді дамып келеді, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 1,9 млрд. АҚШ. долл. құрады. Өткен жылы қызметтердің айналымы 10,4 млн. АҚШ. долл., ал Сингапурдан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2017-2021 жылдары 9,3% - ға 61,4-тен 67,2 млн. АҚШ. долл. құраған болатын.
Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес нарығына отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызметтер саласында неғұрлым болжамды және қолайлы жағдайлар жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және инвестициялар ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді.