Алты ел «Орталық Азия-Қытай» форматында сауда – экономикалық ынтымақтастықты нығайту және цифрлық сауданы дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойды

Алты ел «Орталық Азия-Қытай» форматында сауда – экономикалық ынтымақтастықты нығайту және цифрлық сауданы дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойды

Сианьда, ҚХР-да өткен «Орталық Азия-Қытай» саммиті аясында Қытай Халық Республикасының Сауда министрлігі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қырғыз Республикасының Экономика және Коммерция министрлігі, Тәжікстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі, Түрікменстанның Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі және Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі екі меморандумға қол қойды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы меморандум қатысушылардың өзара сауда ауқымын жүйелі түрде арттыруға және оның тауарлық құрылымын әртараптандыруға жәрдемдесуге, әртүрлі салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, рәсімдерді оңайлатуға және сауда кедергілерін азайтуға үздіксіз ілгерілетуге, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың сапасы мен деңгейін арттыруға әзірлігін құжаттайды. Қытай тарапы Орталық Азия елдерінен сапалы өнім импортын ұлғайтуды жалғастыруға дайын.

Цифрлық сауда саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум тараптардың цифрлық саудадағы ынтымақтастықты нығайту және әртараптандыру ниеттерін айқындайды.

Тараптар өндірісте, бөлшек саудада, ауыл шаруашылығында, көлікте, денсаулық сақтауда, білім беруде, қаржыда және басқа да салаларда цифрлық трансформация шешімдерін әзірлеуде ынтымақтастықты дамытуға күш салуға келісті. Бұлтты сервистер және трансшекаралық электрондық коммерция салаларында практикалық ынтымақтастықты дамыту.

Бұл құжаттар 2023 жылғы 18 сәуірде онлайн режимінде өткен ОА елдерінің және Қытай сыртқы экономикалық қызмет министрлерінің бірінші кездесуі барысында алдағы саммитте алдын ала пысықталып, қол қоюға дайындалды.