
Ұлттық аккредиттеу орталығының қызметкерлері
«Ресей-Ислам әлемі: KAZANFORUM 2023» XIV халықаралық экономикалық форумында Қазақстандағы интеграцияланған халал инфрақұрылымын дамыту бойынша іс-шаралар, исламдық белгілермен сапалы өнімдер мен қызметтерді ел ішінде және шетелде ілгерілету бойынша жүйелі жұмыстарды ұсынуда
Форум 18 мамырда Татарстан астанасындағы «Қазан Экспо» халықаралық көрме орталығында ашылды. ҰАО спикерлері: Бас директордың орынбасары Әбсамат Әкімов және Әдіснама және нормалау департаментінің бас маманы Дастан Молдыбаев «Индустрия Халал» дөңгелек үстелінде Ислам өнімдері мен қызметтерін ілгерілету, сапа, қауіпсіздік кепілдіктері және
Халал таңбалауымен ассортименттің халықаралық стандарттарына сәйкестігі есебінен оларға сөзсіз сенімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сөз сөйлейді.
Ә.Әкімов сөз сөйлеу барысында қатысушылардың назарын Халал өнімдерінің сөрелерде сенімді болуының басты факторлары адал таңбалау, бейтарап сертификаттау және сәйкестікті растау жөніндегі органдарды аккредиттеу болып табылатындығына аударды; Қазақстандағы Халал индустриясының жетістіктері туралы да баяндап берді, Халал секторын дамытуға және тұтынушылардың оған деген жоғары сенімін қалыптастыруға
ҰАО-ның өте жоғары қатысуы мен қызығушылығын атап өтті.
«Қазақстанның атынан форумға шақырғаны үшін татар халқына, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», – деді Ә.Әкімов. -
Халал – мұсылман және мұсылман емес елдерде белсенді дамып келе жатқан бағыт. Халал жүйесін түсінуде біз тек шариғат талаптарымен шектеліп қана қоймай, оған азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті, сапа менеджменті, жұмысшылардың қауіпсіздігі жүйелерінің стандарттарының талаптарын қосуымыз керек. Себебі Халал туралы айта отырып, бірақ өндіріс қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, денсаулық, жұмысшылардың әл-ауқаты және ислам этикасы нормаларын ескермей, сапасыз өнім шығаруға жол берілмейді.
Дастан Молдыбаев форум қатысушыларына елімізде Ұлттық аккредиттеу орталығының Қазақстандағы Халал индустриясының сапалы жұмыс істеуіне қатысы бар бизнестің, өндірістік сектордың, рухани ұйымдардың мүдделі өкілдерімен тұрақты және жан-жақты өзара іс-қимылын қалыптастыру жөніндегі жоспарлы күш-жігері туралы айтып берді.
«Өздеріңіз білетіндей, аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. Өз кезегінде, сертификаттау органдары Халал өндірушілерге ұстанатын жоғары стандарттарды береді. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға ислам нормаларын сақтай отырып өндірілген және жоғары сапалы экологиялық таза өнімдерді ұсынады. Демек, Аккредиттелген Халал сертификаттаудың оң әсері түпкілікті тұтынушыға таралады», – деп атап өтті Д.Молдыбаев.
ҰАО өкілдерінің қатысуымен өтетін сессиялар мен пікірталастар барысында Халал өнімдерін стандарттау мен сертификаттаудың әлемдік тәжірибесі, Халал саласында құзыреті бар мамандарды даярлау, Халал стандарттары бойынша қонақжайлылық индустриясын дамыту және басқа да өзекті мәселелер талқыланатын болады.