
2023 жылғы 17 мамырда ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ж.С. Кушукованың Еуропалық Парламенттің Орталық Азия бойынша Халықаралық Сауда Комитетінің тұрақты баяндамашысы Роман Хайдермен кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстанның ЕО-мен сауда-экономикалық өзара қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен мүмкіндіктерін, Қазақстан мен ЕО-ның кеңейтілген әріптестігі мен ынтымақтастығы туралы келісімнің (КӘЫК) іске асырылуын және Австриямен екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын талқылады.
Әңгіме соңында Хайдер мырза 22 мамырда Алматы қаласында өтетін ҚР-ЕО 2-ші экономикалық форумының сәтті өтуін тіледі.
ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі болып табылады және жалпы сауданың 30% - ын алады. Өзара сауда динамикасы сауда көлемінің жыл сайынғы өсуін көрсетеді. Жалпы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың 3 айында 10,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5% - ға жоғары (9,1 млрд. АҚШ).
Анықтама: Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 40,0 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,3% - ға жоғары (28,9 млрд. АҚШ).