ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Арман Шаққалиев өңір тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу шаралары туралы хабардар етті, жұртшылық пен кәсіпкерлерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, Үкімет негізгі азық-түлік бағасының өсу қарқынын тоқтата алды. Соңғы 6 аптада ол 0,1% - дан аспады, ал жыл басынан бері 3,4% -. құрады. Ағымдағы маусымаралық кезеңде 139,5 мың тонна өнім қалыптастырылды, қазірдің өзінде 58,4 мың тонна өнім сатылды, оның ішінде картоп 27,5 мың тонна, сәбіз 11,0 мың тонна, пияз 10,0 мың тонна, қырыққабат 9,9 мың тонна. 2024 жылғы маусымаралық кезеңдердегі маусымдық ауытқуларды тегістеу үшін ағымдағы жылдың күзгі егінін келісімшарт бойынша жұмыс жалғасуда. Осы мақсатта 100,0 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдері қалыптасты, деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Кездесу барысында өңір тұрғындары базарларды жаңғырту, жергілікті өнімдерді сату, "сұр" сертификаттар және т. б. мәселелерін көтерді.

Мәселен, "Жібек жолы" базарының басшысы Саят Жанболатов базарларды жаңғырту мәселесін көтерді, атап айтқанда, базар иелеріне оларды заманауи форматқа келтіру үшін қандай мемлекеттік қолдауды пайдалануға болады.

Арман Шаққалиев Министрлік мемлекеттік қолдау құралдарын іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Ауданы кемінде бір мың шаршы метр сауда-ойын-сауық орталықтарын қоспағанда, сауда қызметіндегі құрылыс, сауда орталықтарын, қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін және көпфункционалды кешендерді кеңейту жобалары сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау болжанады.

"Көкжиек – 2030" ЖШС Бас директоры Әбдіқали Бегімбетов өз өнімдерін сата алмайтындығы туралы айтты. Сол кезде мәселе өз шешімін тапты, "Нұрислам" ірі супермаркетінің директоры Серік Қарымсақов сүт өнімдерін қабылдауға дайын екенін білдіріп, "Көкжиек – 2030"ЖШС директорымен егжей-тегжейлі талқылауды ұсынды. Өңір тұрғындарымен кездесу соңында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Сонымен қатар, сапар барысында Арман Шаққалиев пен Тараз қаласының әкімі өңірдегі ірі "Нұрислам" сауда желісіне барды. Сауда объектілеріндегі бағамен танысқан бірінші вице-министр мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті кеңінен қолдау жалғасатынын атап өтті.        

Арман Шаққалиев Қордай ауданында орналасқан "Органикалық" ЖШС көкөніс қоймасының қызметімен танысты. Компания пиязды сақтауға маманданған. Жобалық қуаты 5000 тонна өндіріс 2015 жылы пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, бірінші-вице-министр Қордай ауданы әкімдігінде өңір басшыларымен кездесті, онда ауыл шаруашылығы өндірушілерінен өнімді сатқанға дейін сақтауға келісім-шарт жасауға мүмкіндік беретін форвардтық сатып алу мәселелері талқыланды.