Конкурстық комиссияның жұмысына қатысу үшін сарапшылар пулына қабылдау туралы хабарлама

Конкурстық комиссияның жұмысына қатысу үшін сарапшылар пулына қабылдау туралы хабарлама

2023 жылғы 1 наурыздан бастап ҚР СИМ "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға пилоттық іріктеуге қатысады.

Іріктеу ағымдағы жылдың соңына дейін https://www.eqyzmet.gov.kz/ сыртқы интернет порталында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты конкурстық комиссияның жұмысына қатысу үшін сарапшылар құрамына қабылдау жарияланады.

Сарапшыларға қойылатын талап:

- бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде тиісті ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.