
Тиісті хаттамаға 2023 жылғы 2 наурызда Шымкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Жамшид Ходжаев қол қойды.
Халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының орналасқан жері "Атамекен" (ҚР) – "Гүлистан" (ӨР) халықаралық (көпжақты) өткізу пункттері ауданында айқындалған. Енді тараптар әрқайсысы 50 гектардан ХӨКО салу үшін жер телімдерін бөлу және резервке қою мәселелерін пысықтайтын болады.
Сондай-ақ, хаттамамен 2023 жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде ХӨКО аумағында орналастыру үшін әлеуетті жобалардың тізбелерімен алмасу уағдаластығы бекітілді.
Қазақстандық және өзбекстандық сауда ведомстволары жобаның кураторлары ретінде бір ай мерзімде ХӨКО аумағында өндірілетін тауарлар мен жүктерді өткізу үшін "жасыл" дәліздің қолданылуын тарату мәселелерін келісуге, сондай-ақ ХӨКО аумағында қолданылатын жеңілдіктер мен преференцияларды тепе-тең негізде айқындауға келісті.