ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдар басшылары кеңесінің 17-ші отырысы өтті

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдар басшылары кеңесінің 17-ші отырысы өтті

Бейнеконференция режимінде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей аккредиттеу органдарының басшылары күн тәртібіндегі жеті мәселені талқылады.

Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдары басшылары кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары келісілді және бекітілді, Экономика және сауда министрлігі жанындағы Қырғызстан аккредиттеу орталығының өзара салыстырмалы бағалау жөніндегі сарапшылық тобының құрамы бекітілді. Қырғыз Республикасының және осы топтың басшысы Беларусь мемлекеттік аккредиттеу орталығының өкілінің қатысуымен 2023 жылдың екінші жартыжылдығында бірінші өзара салыстырмалы бағалауды өткізу туралы шешім қабылданды.

Кеңесте сөз сөйлеген ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы бас директорының м.а. Нұрлан Шоқбарбаев қазіргі уақытта ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдары мен сынақ зертханаларының өзара іс-қимылы саласында бірқатар өзекті мәселелер бар екенін атап өтті. Олардың бірі – зертхананы сертификаттау жөніндегі органның бір елде, ал зертхананың екінші елде болуы және осындай жағдайларда сертификаттар беру жөніндегі органдар мен зертханалар бір мемлекетте болуы үшін резиденттік қағидатын қолдану туралы ұсыныс енгізді. Сондай-ақ, Н. Шоқбарбаев Қазақстанға келіп түсетін барлық өнім шекарада сертификаттар мен сәйкестік декларацияларын тексеру рәсімінен өткен кезде ҰАО-ның кеден жүйесімен өзара іс-қимыл тәжірибесі туралы айтып берді.

Кеңес қатысушылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді аккредиттеу жөніндегі органдардың дөңгелек үстелдерін өткізу туралы шешім қабылдады: 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында – цифрландыру мәселелері бойынша, екінші жартыжылдықта – инспекция органдары бойынша.

Сондай-ақ отырыста Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының негізсіз берілген сәйкестікті растау құжаттарына қатысты шараларды жедел және тиімді қабылдау бөлігінде қызметін белсендіру, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының қызметін белсендіру, сәйкестікті растау жөніндегі негізсіз құжаттарға қатысты Ереженің жобасын әзірлеуді пысықтау, Еуразиялық экономикалық одақтың Сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдардың қызметіне қатысты шағымдарды қарау нәтижелері туралы тараптарды хабардар ету және т.б. мәселелері қаралды.