
2022 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азаматтармен, қоғам және бизнес өкілдерімен кездесулер, оның ішінде азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өтетін болады.
Негізгі іс-шаралар Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өтеді: Ақша Тау көшесі, 304г, «Заңғар» БО.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 10.30 да;
брифинг - сағат 11:00;
азаматтарды жеке қабылдау – сағат 11.10.
Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: : +7 701 786 39 19 (СИМ).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: : +7 701 786 39 19 (МТИ).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 1 наурыз күні сағат 17.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: 87077230509 (Әлия Абдрахманова – СИМ баспасөз хатшысы)
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдің орынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз.