
2020 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы "Техникалық реттеу және аккредиттеу туралы заңнама 10 жылдан астам бұрын қабылданғанын және бүгінгі шындыққа сай келмейді", - деп атап өтті.
- Үкімет "Техникалық реттеу туралы" Заңды жаңа редакцияда дайындап, оны ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуі керек,-деп атап өтті Қ.-Ж. Қ. Тоқаев.
Осыған байланысты бүгін ВАК-ға Сауда және интеграция министрлігі "Техникалық реттеу туралы" және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2 заң жобаларын енгізді.
Заң жобаларымен негізгі ережелері:
Осы өзгерістерді қабылдау:
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы үшін жағдай жасау;
- ішкі нарықта айналымдағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік бақылауды жетілдіру;
- сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- Техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберінде ұлттықтан жоғары заңнамалармен сәйкестендіру.
Заң жобаларының негізгі тәсілдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданды.
Қазіргі уақытта оларды белсенді талқылау және жұртшылық өкілдерімен, бизнес қоғамдастықпен, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үдерісі жүріп жатыр.