Ашық диалог: «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының, аумақты күтіп-ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға қойылатын талаптардың жобасын талқылау» тақырыбындағы интернет-конференция

Ашық диалог: «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының, аумақты күтіп-ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға қойылатын талаптардың жобасын талқылау» тақырыбындағы интернет-конференция

Ағымдағы жылдың 28 ақпанында ҚР Сауда және интеграция министрлігі "Ашық диалог" порталында «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының, аумақты күтіп-ұстауға, сауда нарығын жабдықтауға қойылатын талаптардың жобасын талқылау» тақырыбындағы интернет-конференциясын өткізеді.

Интернет-конференция сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Мейрбаева Ғалия-Бану Оңдасынқызы жауап береді.

Онлайн конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/3094

Интернет-конференция «сұрақ-жауап» (бейнеконференция емес) форматында өтеді

Ескеру: интернет-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына логин/пароль арқылы кіруге болады.