Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жайлы Арман Шакқалиев елордалық базар иелерімен кездесу барысында талқылады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жайлы Арман Шакқалиев елордалық базар иелерімен кездесу барысында талқылады

Сенбі күні ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев елордада «Шарын», «Астаналық» и «Сауран» базарларында көшпелі кеңес өткізді, оның барысында азық-түлік бағасының өсу себептері, бірінші қажеттілік өнімдерінің тұрақты бағасын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бизнес назарына сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларының, олардың аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптардың жобасы ұсынылды.

Арман Шакқалиев өз сөзінде жоба Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында дайындалғанын және сауда базарларының қызметін ретке келтіруге, оның ішінде базар иелерінің (иелерінің) жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын айтты.

«Сауда нарығының регламентін бекіту мазмұны мен рәсіміне және қосымша қызметтер тізбесіне нақты талаптар белгіленді. Бұл шаралар жалдау құны мен нарық әкімшілігі көрсететін қызметтерге баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етеді”, - деді бірінші вице-министр.

Кездесу барысында «Шарын» көтерме сауда нарығының қызметкерлері салық салу, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау, тез бұзылатын тауарлардың логистикасына байланысты проблемалық мәселелерді көтерді.

Біздің өнімдеріміздің негізгі көлемі тез бұзылатын тауарлар қатарына жатады, - деді Шарын көтерме сауда нарығының қызметкері. – Біздің міндетіміз - тез жеткізуді ұйымдастыру және сатып алушылар үшін тауардың сапасын қамтамасыз ету. Бағалар неге жоғары деп сұрасаңыз? Міне - бұл біздің ақылы жолдарымыз, қымбат қысқы ЖЖМ, олар да бағаның қалыптасуына  белгілі бір әсер етеді. Қалада жанар – жағармай бағасы бір, қаладан тыс жерлерде мүлдем басқа, - деп сөзін жалғастырды саудагер.

Шарын базарының тағы бір өкілі мүмкіндігінше салық салынатын базаның шекті мөлшерін қарастыруды, жеңілдетілген схема бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік беруді ұсынды.

Бұдан әрі делегация «Астаналық» базарына келіп, сауда объектісінің әкімшілігімен кездесті. Елордалық базар басшысы Бауди Әбуев сауда объектілерінің қызметін ретке келтіруге және сауда саласында ақпараттық технологияларды енгізуге қатысты мемлекеттің жүргізіліп жатқан саясатына қолдау білдірді. Ақпараттық жүйе сауда алаңдарына еш кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және жалдау құнының әділ тарифін қалыптасуына ықпал ететін жаңалықтардың бірі.

Сапардың соңғы бағдары «Сауран» жаңа форматтағы сауда орталығы болды.

Сауда-саттыққа жәрдемдесу қауымдастығының вице-президенті Нұрлан Нұрмағамбетов ӘМАТ тауар өндірушілері үшін электр энергиясына тарифтерді төмендетуді ұсынды.

«2022 жылы заңды тұлғаларға арналған электр энергиясының тарифтері 2015 жылмен салыстырғанда өсті. Жыл сайын коммуналдық қызметтердің құны өсуде, ал кәсіпкерлердің пайдасы өзгермейді және олардың едәуір бөлігі қызметтер үшін берілуі керек. Электр энергиясына шығындар түпкілікті тұтынушыға түседі және бағаның өсуіне әсер етеді» - деді Нұрлан Нұрмағамбетов.

Арман Шакқалиев ескертулер мен ұсыныстарды тыңдап, туындаған мәселелерді жедел шешу үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. «Біз бүгін көтерме бөліктен, яғни жүк көлігінен сатудан өркениетті нарық форматына дейін өттік. Сонымен бірге, ең алдымен, бағаны тұрақтандыру және және дүрбелең сұраныс туындырмауымыз керек. Жиналысқа қатысушылар көтерме саудагерлерді де, бөлшек саудагерлерді де көлеңкеден шығуға ынталандыратын көптеген салық ұсыныстарын айтты. Сауда субъектілерін қамтуды ұлғайту арқылы салық салынатын базаны ұлғайту біз үшін маңызды. Сондай-ақ, фитосанитариялық және ветеринариялық блоктың проблемалық мәселелері қозғалды, көптеген сындарлы ұсыныстар айтылды. Барлық қатысушыларды жаңа айналым схемасы қызықтырды, біз өндірушілерді тікелей қаржыландырамыз, олар тікелей делдалдарсыз және қайта сатып алушыларсыз көтерме саудагерлерге шығады, ал олар өз кезегінде тауарды бөлшек саудада артық салымсыз сатады. Бизнестің бізді осы бағытта қолдайтынын есту өте қуанышты. Барлық айтылған ұсыныстар бақылауға алынып, жұмыста ескерілетін», - деп сендірді қатысушыларды бірінші вице-министр.