
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізуіне байланысты ірі сауда өбъектілеріне қызметін оларда орналасқан азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сату жөніндегі объектілерді қоспағанда қызметін тоқтату ұсынылды.
Осыған байланысты, халықты азық-түлік тауарларымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ҚР Сауда және интеграция министрінің
2020 жылғы 21 наурыздағы № 60-НҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 наурыздағы № 182 бірлескен бұйрығымен «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы
№ 285 Жарлығы қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі бойынша Ұсынымға алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілерінің (сауда орталықтарының, гипермаркеттердің, сауда үйлерінің, азық-түлік базарларының, супермаркеттердің, минимаркеттердің, үй жанындағы дүкендердің және басқа да бөлшек сауда объектілері) жұмыс уақытын шектеуді алып тастау бөлігінде өзгеріс енгізілді.
Бұл ретте аталған объектілер санитарлық және дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып жұмыс істеуі тиіс.
ҚР СИМ