Сауда-ойын-сауық орталықтар аумағында фуд-корттардың жұмыс істеуіне қатысты

Сауда-ойын-сауық орталықтар аумағында фуд-корттардың жұмыс істеуіне қатысты

ҚР сауда және интеграция министрлігі "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығының қолданылу кезеңінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында:

Ірі сауда объектілерінің аумағында орналасқан тамақтану объектілеріне (фуд-корттар, мейрамханалар, дәмханалар, және т. б.) санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту, атап айтқанда:

1) өз жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен тұтынушыға дейін тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) жеткізу арқылы ғана қызметті жүзеге асыруға;;

2) персоналдың жұмыс кезінде бір рет қолданылатын маскаларды пайдалануы ұсынылады (маскаларды ауыстыру 3 сағатта 1 реттен кем емес);

3) жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, тұмсық) белгілерімен қызметкерлерді жұмысқа жібермеу);

4) қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, санитайзерлерде ұзақ микробқа қарсы әсері бар көпфункционалды антисептикалық затты пайдалану немесе бір рет қолданылатын қолғаптарды беруді қамтамасыз ету; 

5) жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақтарын), түскі залға (асханаға) кіретін кезде қол жууға арналған Раковиналарды, өзіне-өзі қызмет көрсету сөрелерін дезинфекциялаушы майлықтармен (немесе дезинфекциялаушы құралдардың ерітінділерімен) сүрту жолымен дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, үй-жайларды желдету және ылғалды жинау жүргізіледі; 

6) объектіге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеуге міндетті.

7) күшейтілген дезинфекциялау режимін жүргізу: сағат сайын арнайы дезинфекциялық құралдармен үй — жайды үстелдерді, орындықтарды, әрбір үш сағат сайын едендерді өңдеу.

 

ҚР Сауда және интеграция

министрлігінің баспасөз қызметі