СҚО өз өндірісіндегі құс етімен 100 пайыз қамтамасыз етуге дайын

СҚО өз өндірісіндегі құс етімен 100 пайыз қамтамасыз етуге дайын

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда ӘКК арқылы жеңілдікті несиелендіру бойынша пилоттық жоба аясында ашылған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызметінің нәтижелері Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге СҚО Аққайың ауданы, Ленин ауылында ауыл шаруашылығы өндірушілерімен өткен кездесуде таныстырды.

Бірінші: 100%-құс еті бойынша импортты алмастыру. Өңір әкімдігінің мәліметінше, соңғы екі жылда СҚО-да ашылған құс фабрикаларының арқасында бүгінде облыста кәсіпорындар толық қуатқа шыққаннан кейін құс еті 100 пайыз импортты алмастыру үшін қажеттінің бәрі бар.  Мәселен, 5 мың тонна ет өндіретін «Северный бройлер» құс фабрикасы облыстың құс етіне деген сұранысын 50 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл 170-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отырған ауылдық округтегі алғашқы ірі инвестициялық жоба, оның 90 пайызы жергілікті тұрғындар.

Екіншіден: табыстылық. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының болжамды рентабельділігі қарызға алынған ақшаны дер кезінде қайтаруға мүмкіндік береді. ӘКК арқылы несиелендіру механизмі қаражатты уақтылы қайтаруды және жоба бастамашылары үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді, кепіл шарттарын үнемдейді (кепіл ретінде сатып алынған техника мен сатып алынған мал қабылданады).

Үшінші: жылдам іске асыру. Көптеген жобаларды толық жүзеге асыру үшін 1,5-2 жыл қажет. 2021-2022 жылдары 7 бағыт бойынша 35 ірі жоба іске асырылды. Бүгінде СҚО-ның барлық аудандары сүт кешендерінің құрылысымен қамтылған.

Төртінші: синергетикалық әсер. Құрылысқа жергілікті мердігерлерді тарту, отандық жеткізушілерден материалдар сатып алу, өңделетін жемшөп дақылдарының алаңдарын және қайта өңдеу үшін өндірілетін шикізат көлемін ұлғайту, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу, жаңа жұмыс орындарын құру, ауылдарды жаңғырту, әлеуметтік нысандарды салу. 

Бесінші: нәтиже.  Жобаларды іске асырудан соңғы 2 жылда ұйымдасқан шаруашылықтарда сүт өндірісі 17,5% - ға немесе 35,3 мың тоннаға (201,8-ден 237,1 мың тоннаға дейін) өсті. Бүгінгі таңда облыс дайын сүт өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады (Қазақстан бойынша өндіріс-819 мың тонна, оның ішінде СҚО-188,4 мың тонна (23%).

Алтыншыдан: бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. 2021 жылы «Әдемі Астық» ЖШС жаңадан бой көтерген Ару Айыртау ауданына 600 басқа арналған сүт кешені салынды.  Кәсіпорын діңгегіне айналды, инвестор өз қызметкерлеріне үй салып, ауылды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық салынғанға дейін ауылда бір ғана үй болса, қазір 30-ға жетті.

- Біздің алдымызда елдің өз өндірісіндегі сүт, құс еті мен көкөністерге деген қажеттілігін толығымен жабу міндеті тұр, - деді Серік Жұманғарин фермерлерге кездесуде. – Бүгінде бұл саладағы ең жоғары құзыреттер СҚО-да. Өңір агроөнеркәсіп өндірушілерге жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну бойынша ауқымды жобаны іске асырудың бастамашысы болды, мемлекеттік инвестицияның тиімділігін көріп отырмыз. Біз бұл жобаны қуатты жем-шөп және өндірістік база құрылған басқа өңірлерде де кеңейтуді жоспарлап отырмыз, бұл жобаны ертерек іске асыру және қайтарымды жылдам бастау үшін қажетті жағдайлар. Суару жобаларына қолдауға дайынбыз.  Біз сіздерді жобаға қатысуға шақырамыз және осындай мүмкіндіктері мен кеңейтуге ұмтылысы бар барлық тілек білдірушілерді барынша қолдауға дайынбыз. Сонымен қатар, бүгінде біз тауар өндірушілерге өнімді өткізу үшін ең жақсы жағдай жасау үшін сауда желілерімен жұмыс істеп жатырмыз.

2022 жылғы 13-14 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысына екі күндік жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары облыстың бірнеше ауданында болып, Тайынша ветеринарлық зертханасының қызметімен, ветеринариялық-санитариялық зертхананың, «Солтүстік» ӘКК арқылы жеңілдетілген несиелендіру бойынша пилоттық жобаларға қатысушы кәсіпорындардың – «Зенченко и К», «Қызылжар сүт» сүт-тауарлы фермалары, BioOperations крахмал зауыты, жылыжайлар, көкөніс қоймалары және «Радуга» ЖШС қағаз өндірісі зауыты, EMC Agro шошқа фермасын кеңейту кешені, Зенченко және К салынып жатқан Новоникольский ауылындағы әлеуметтік нысандарының жұмысымен тынысты.