ҚР СИМ қызметін жүзеге асыруда өзгерістерді басқарудың эффективті әдістері талқыланды

ҚР СИМ қызметін жүзеге асыруда өзгерістерді басқарудың эффективті әдістері талқыланды

2020 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарының аясында, 2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде «Мемлекеттік басқаруды дамыту. Өзгерістерді басқару» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның дәріскері болып Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің доценті С. Мадияр қатысты.

Семинар барысында өзгерістердің түрі, сипаттамасы және ауқымы, қарсылық себептері, өзгерістерді басқарудың әдістері мен сатылары және осы әдістерді Министрліктің әртүрлі жобаларын жүзеге асыруда қолдану мәселелері талқыланды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.