
Қазақстан Республикасы Президентінің COVID-19 короновирус індетіне байланысты Қазақстанда төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығын орындау мақсатында және азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі:
азық-түлік дүкендеріне, азық-түлік әмбебап дүкендеріне және азық-түлік базарларына санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейтумен қалыпты тәртіпте қызмет жасауды;
нан-бөліш және кондитер тағамдарының сатылымын қапталған түрде жүзеге асыруды ұсынады.
Санитариялық қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша ұсыныстар туралы қосымша хабарлаймыз.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.