
2020 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі - Сауда бойынша Министрі Андрей Слепневпен кездесті.
Кездесу барысында Министрлер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үшінші елдермен еркін сауда туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздерінің ағымдағы күн тәртібін, сондай-ақ оны жаңа серіктестермен кеңейту әлеуетін талқылады.
Сонымен қатар, экспортты қолдау шаралары бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, А. Слепнев ЕАЭО елдерінің экспортты ілгерілету мәселелері бойынша үйлестіру және ынтымақтастық мүмкіндігі туралы өз ойымен бөлісті.
Өз кезегінде, Б. Сұлтанов ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның көлемін арттыру мақсатында отандық экспорттаушыларды қолдау үшін жан-жақты шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.