
2022 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шакқалиев Қызылорда облысына келіп, азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездеседі.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар осы мекенжай бойынша өткізіледі: Қызылорда қ., Сол жағалау шағын ауданы, 15А, Жастар Ресурстық Орталығы
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) - сағат 15:00 - 16: 00-де
Брифинг - сағат 16: 00 - 16: 20-де
Азаматтарды қабылдау – сағат 16: 20 - 16: 50-де
Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ), өңірдегі тел.бойынша: 87473553715 (Төлегенов Әділхан Қалмағамбетұлы).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін өңірдегі тел. бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 87072572267 (Манамбаев Ұзақ Базарбайұлы).
Ақпаратты жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, ТАӘ) аккредиттеу үшін 26 желтоқсан сағат 08.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: 7 707 723 0509 (Әлия Серікқызы Әбдірахманова), 87774537204 (Абдукаримова Айгүл Жақсылыққызы).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министріне өзіңіздің сұрағыңызды қоюға шақырамыз.