
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін 2023 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерi мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 20 желтоқсан және 2023 жылғы
3 қаңтар аралығында (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекен-жайы бойынша орналасқан «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратының 1 кіреберісінде, Министрлігінің кеңсесінде жүргізіледі.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 74-94-02, 8 747 301 0710.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
3) бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, бiрлестiк және/немесе ұйым мүшелерiнiң тiзiмi.
Өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде:
Министрлік тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде аккредиттеу туралы куәлiкті немесе себептерін негiздей отырып аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны бiрлестiкке ұсынады.
Егер:
Аккредиттеу туралы куәлiк 3 жыл мерзімге берiледi.
Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.