Нұр-Сұлтан қаласында ДСҰ-ның 12-Министірлік конференциясын өткізуге қатысты

Нұр-Сұлтан қаласында ДСҰ-ның 12-Министірлік конференциясын өткізуге қатысты

"Бүгінгі таңда COVID-19 коронавирусының таралуына байланысты қалыптасқан жағдай қауіп тудырмай қоймайды. Біз әлемнің көптеген елдері коронавирустың таралуына жол бермеу және халықтың денсаулығын қорғау бойынша белгілі бір қадамдар жасауда екенін көріп отырмыз. Сонымен, бүгін АҚШ пен Еуропа арасындағы әуе қатынасын жабу туралы ақпарат шықты", - деп хабарлады Сауда және интеграция министрі.

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус коронавирустың пандемиясын жариялап, мәлімдеме жасады. Ағымдағы жағдай, сондай-ақ осы мәлімдеме аясында әлемнің көптеген елдерінің үкіметтері ірі халықаралық іс-шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдауда. Мысалы, Петербург экономикалық форумын, Женева автосалонын өткізуден бас тартылды, жазғы Олимпиада ойындарын Токиоға көшіру мәселесі қарастырылуда. Қазақстан Үкіметі сондай-ақ Астана экономикалық форумы, Кореямен, Иорданиямен, Үндістанмен және бірқатар басқа елдермен екіжақты Үкіметаралық комиссияның мәжілістері сияқты ірі халықаралық іс-шараларды тоқтату туралы шешім қабылдады.

Айта кету керек, ағымдағы жылы маусымда Нұр-Сұлтанда ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын (8-11 маусым) өткізу жоспарланып отыр. Осындай ауқымды халықаралық іс-шараны өткізу туралы шешімді Бас кеңестің отырысы барысында 2018 жылы ДСҰ мүшелері бірауыздан қабылдады.

"Аталған іс-шараны өткізу уақытын немесе орнын өзгерту туралы мәселенің шешімін тек ДСҰ Бас кеңесі ғана қабылдай алады. Коронавируспен ағымдағы жағдайда туындап отырған белгілі қауіптерге, сондай-ақ ДДҰ-ның мәлімдемесіне байланысты біз Қазақстан Республикасының Женевадағы Тұрақты өкілдігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және мүшелерімен ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізу жөнінде тиісті консультациялар өткізуге тапсырма бердік. Консультациялардың нәтижелері бойынша Конференция күні туралы мәселені шешу үшін ДСҰ Бас кеңесінің кезектен тыс отырысын шақыру мүмкіндігі туралы шешім қабылданатын болады," - деп түсініктеме берді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

 

Қазақстан Республикасы

 Сауда және интеграция министрлігінің

Баспасөз қызметі

сайт: mti.gov.kz