ЕАЭО мен Израиль арасында еркін сауда туралы келісім дайындалуда

ЕАЭО мен Израиль арасында еркін сауда туралы келісім дайындалуда

2020 жылғы 3-5 наурызда Иерусалим қаласында (Израиль Мемлекеті) ЕАЭО және оның мүше мемлекеттері мен Израиль Мемлекеті арасында еркін сауда туралы келісім жасасу бойынша келіссөздердің алтыншы раунды өтті.

Келіссөздер барысында тараптар болашақ Келісімнің тауарлар нарығына қол жеткізу, саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитариялық шаралар, тауарлардың шығарылған елін анықтау ережелері, сауда рәсімдерін оңайлату, дауларды шешу және көлденең-құқықтық мәселелер бөлімдеріндегі негізгі келіспеушіліктер бойынша талқылау өткізді.

Келіссөздер барысында Израиль тарапы шығу сертификаттарын берудің электрондық жүйесін таныстырды.

Қазақстан тарапынан Сауда және интеграция министрлігі, Сыртқы істер министрлігі және Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты.

Келіссөздердің нәтижесінде тараптар талқыланған бөлімдер бойынша бірқатар келіспеушіліктерді шеше алды.

Жалпы, келісім елдеріміз арасындағы өзара сауданы арттыруға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінін атап өту қажет.

Анықтама: 2019 жылы Қазақстан мен Израиль арасындағы тауар айналымы 513,9 млн. АҚШ долларын құрады , бұл 2018 жылға қарағанда 11,5%- ға жоғары (461,1 млн. АҚШ). Қазақстаннан Израильге экспорт 2019 жылы 17,2%- ға өсіп, 466,5 млн. АҚШ долл құрады. Израильден Қазақстанға импорт 2019 жылы 24,9%- ға төмендеп, 47,5 млн. АҚШ долл құрады.