ҚР СИМ Экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына өзгерістер енгізді

ҚР СИМ Экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына өзгерістер енгізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 8 желтоқсандағы № 470-НҚ бұйрығымен қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Экспорт бойынша шығыстары өтелуге жататын тауарлар тізбесіне 1000-нан астам тауар позициясы, оның ішінде ұн, ет, тұз және басқалары қайтарылды.

Қолданыстағы нормативтік құжатты оңтайландыруға бағытталған қосымша түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, Қағидаларда экспорттық шығындарды өтеу жөніндегі бағдарламаға қатысу ерекшеліктері мәселесі нақтыланды, қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда келісімдер мен бюджет қаражатын қайтару процестерін жасасу жөніндегі тұжырымдар, сондай-ақ отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын құжаттардың қолданылу мерзімдері бойынша тұжырымдар нақтыланды. Өтінім мен өтінімге қоса берілген құжаттардың, сондай-ақ ұсынылған материалдарды қарау кезеңінің сәйкессіздігі ұғымына түзетулер енгізілді. Құжатта өкілдердің (дистрибьютерлердің, трейдерлердің) өтінімдерін қарау кезінде үш жақты-төрт жақты шарттар жасасу қажеттігі нақтыланды, экспорттаушылардың қарсы міндеттемелері бойынша жеке тармақ қосылды.

Қағидалар жобасына түзетулер ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен, ҚР Сауда және интеграция мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесімен жария талқылау үшін 2022 жылғы 1-15 қараша аралығында «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды және мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді.

Өзгерістер экспорттаушылардың 2023 жылы шығындарды өтеуге бағытталған өтінімдеріне қолданылады.