Ашық диалог: Халал өнімдерін сертификаттау мәселелері жөніндегі интернет-конференция

Ашық диалог: Халал өнімдерін сертификаттау мәселелері жөніндегі интернет-конференция

Ағымдағы жылы 9 желтоқсанда ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ашық диалог» порталында халал өнімдерін сертификаттау мәселелері бойынша интернет-конференция өткізеді.

Интернет-конференция сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан стандарттау және метрология институтының бас директоры – Ғабит Мұхамбетұлы Мұхамбетов жауап береді.

Онлайн конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/2823

Интернет-конференция форматы «сұрақ-жауап» нұсқасы (бейнеконференция емес) екенін ескеруіңізді сұраймыз.

Ескертпе: интернет-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына кіру не логин/пароль арқылы кіруді пайдалану қажет екенін атап өту маңызды.