Қайрат Балықбаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Қайрат Балықбаев ҚР Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды.

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін ("Экономикалық кибернетика" мамандығы), Халықаралық бизнес академиясын (корпоративтік менеджмент магистрі), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін ("Мұнай-газ ісі" мамандығы) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған.

Ақпараттық технологиялар (цифрландыру) жүйесінде 2007 жылдан бастап "ҚазТрансГаз"АҚ Ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы болып жұмыс істей бастады.

2009 ж. - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2010 – 2011 жж. - "KMG Kashagan B. V." ЖШЖК  супервайзері, Атырау қ.

2011 - 2014 жж. - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Ақпараттық технологиялар департаменті, басқарушылық есептілік жүйесін енгізу және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.

2014 - 2016 жж. - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2016 ж. - "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті.

2017 ж. - "ҚМГ Глобал Солюшнс Б. В." ЖШСФ бас директорының орынбасары

2017 - 2018 жж. - ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі

2019-2021 жж. - "KazEnergy" ЗТБ штаттан тыс кеңесшісі

2021 – 2022 жж. - Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры.

2019 жылы "Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталған.