
Бүгін, 2022 жылғы 7 желтоқсанда Астанада ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қ.Төребаевтың Литва Республикасы өнеркәсіпшілер Конфедерациясының Президенті В. Янулявичуспен кездесуі өтті.
Қ. Төребаев Министрліктің қызметі туралы, сондай-ақ таяу және орта мерзімді перспективаға арналған негізгі жоспарлар туралы хабарлады.
В.Янулявичус, өз кезегінде, өзі басқаратын өнеркәсіпшілер Конфедерациясының жұмысы туралы, атап айтқанда, инвестициялық жоспарлар мен Литваның транзиттік әлеуеті туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Клайпеда теңіз порты дирекциясының Бас директоры А.Латакас порт қызметі мен мүмкіндіктерін атап өтті.
Қ. Төребаев көлік-транзиттік әлеует мәселесінің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің сауда жолдарын әртараптандыру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.