
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (ҰАО) мемлекеттік монополияға жатқызылған сәйкестікті бағалау бойынша аккредиттеудің көрсетілетін қызметтеріне бағаның жоспарлы өзгеруіне жария тыңдау өткізетіні туралы хабарлайды.
Жария тыңдаулар 2022 жылғы 26 желтоқсанда сағат 17-00-да, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11, «Эталон» орталығы, мәжіліс залы, 8-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.
Қосымша ақпаратты мына байланыс телефондары арқылы алуға болады:
+77172750502 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
+77172983780 – «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК.
Орналасқан мекен-жайы:
уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 11, «Эталон орталығы» ғимараты, мәжіліс залы, 8-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm?lang=kk.
ҰАО: Қазақстан Республикасы, Астана к., Мәңгілік Ел даңғылы 11, «Эталон орталығы» ғимараты http://www.nca.kz/.