
Еуразиялық экономикалық комиссияда (бұдан әрі - ЕЭК) қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу аяқталды.
ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өткізілді.
Біліктілік іріктеуге келесі кандидаттар: М.Б. Әбілмажинова және А.Г. Қайыржанова қатысуға ниет білдірді.
2022 жылғы 24 қарашада жоғарыда аталған кандидаттармен әңгімелесу өткізілді, оның барысында ЕАЭО-ның институционалдық негіздерін білу, кәсіби деңгейі және Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланды.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша кандидаттар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің ұсынымын алуға салалық органдар өкілдерінің мақұлдауын алған жоқ.
Келесі біліктілік іріктеу 2023 жылдың басында жарияланатын болады.
Кандидаттарда уәкілетті органның ұсынымының болмауы оларды ЕЭК-те бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстық іріктеуге одан әрі қатысу мүмкіндігінен айырмайтынын атап өтеміз.