Қазақстан транзиттік жүк ағынын ұлғайтуға ниетті

Қазақстан транзиттік жүк ағынын ұлғайтуға ниетті

Биылғы жылы Қазақстан аумағы арқылы транзиттік теміржол тасымалы өсті, - деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресейдің XVIII өңіраралық ынтымақтастық Форумының пленарлық отырысында.

Қазақстанда 5 халықаралық теміржол және 8 автомобиль транзиттік дәлізі қалыптасып, жұмыс істейді. Оның ішінде 3 т/ж дәлізі мен 6 авто дәлізі Ресей Федерациясының аумағы арқылы өтетін дәліздермен синхрондалған. 2022 жылдың 10 айында РФ - Орталық Азия, РФ - Қытай, РФ - Иран және РФ - Ауғанстан бағытындағы тасымалдардың жалпы көлемі 8,9 млн тоннаны құрады.

"Транзиттік жүк ағынын одан әрі арттыру үшін біз Бақты ауданында Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелін ашу, одан әрі "Аягөз-бақты" жаңа теміржол желісі мен шекаралық өткел терминалын салу мәселесін пысықтап жатырмыз", - деп жоспарларымен бөлісті Серік Жұманғарин.