ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Орталық Азия елдеріне арналған бағдарламаның Дүниежүзілік экономикалық форумның өңірлік және жаһандық ынтымақтастық орталығының жетекшісі Алекс Ротпен кездесті.
Кездесуде тараптар Қазақстанның сауда әлеуетін дамыту және жаңа халықаралық нарықтарға шығу перспективаларын талқылады.
Алекс Рот өзі басқаратын ДЭФ жұмыс тобының қызметі туралы айтып, 2023 жылдың қаңтарына жоспарланған Давостағы кезекті Дүниежүзілік экономикалық форумның алдын ала күн тәртібімен бөлісті. ДЭФ өкілін Қазақстан үшін Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өзектілігі де қызықтырды.
Өз кезегінде Қайрат Төребаев осы бағыттың маңыздылығын атап өтіп, сауда жолдарын әртараптандыру және еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін іске асыру үшін мемлекет қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қайрат Төребаев 2023 жылы өтетін форум аясында ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасуға дайын екенін білдірді.