Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2022 жылы 24 қараша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шакқалиев Қарағанды облысына келіп, азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездеседі.

Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.

Негізгі іс-шаралар Amanat партиясының филиалында келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4.

Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 15.10 - 16.20-да өтеді.

Брифинг – сағат 16:30 - 17:00-де

Азаматтарды қабылдау - сағат 17:05 - 18:00-де

Сіз өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды сауда және интеграцияның бірінші вице-министрімен кездесуде қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ), өңірдегі тел. бойынша: +7 708 708 3435 (Тулкубаев Мадияр Болатович), +7 705 826 6474 (Алимов Алимхан Серикович).

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін өңірдегі тел. бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 512 0365 (Сахариева Асель Болаткановна).

Ақпаратты жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, ТАӘ) аккредиттеу үшін 23 қараша сағат 18.30-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 777 474 2269 (Динара Есенбаева), + 77017564439 (Динара Акишева).

Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.

Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министріне өзіңіздің сұрағыңызды қоюға шақырамыз.