Астанада ҚР және РФ экспорттаушыларын қолдау мақсатында іскерлік миссия өткізілді

Астанада ҚР және РФ экспорттаушыларын қолдау мақсатында іскерлік миссия өткізілді

Бүгін, 2022 жылғы 22 қарашада Астанада «Ресей Экспорт Орталығы» АҚ (РЭК) ұйымдастыруымен Қазақстандағы өнеркәсіптік жабдықтар саласындағы Ресей Федерациясының іскерлік миссиясы өтті.

Іскерлік миссияның мақсаты - ресейлік өндірушілер мен Қазақстан компаниялары арасында бірлесіп жұмыс істеуге және өзара тауарлар мен қызметтерді жеткізуге мүдделі компаниялар арасындағы іскерлік серіктестер үшін платформаны қамтамасыз ету болды.

Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, ҚР-дағы РФ Сауда өкілі Андрей Бабко, сондай-ақ РЭО өкілдігінің басшысы Олег Печенкин қатысты.

Кездесуде тараптар ресейлік экспорттаушылар үшін нарыққа шығу, бизнесті жүргізу және Қазақстанда сыртқы сауда қызметін реттеу мәселелері, сондай-ақ экспортқа бағдарланған компаниялардың инвестицияларын ауқымды тарту үшін сауда және интеграция министрлігінің алдағы жылға арналған жоспарлары талқыланды.

Қайрат Төребаев атап өткендей, қазіргі уақытта министрлікте экспорттаушыларды қолдаудың толыққанды экожүйесі қалыптасты – бұл 20-дан астам түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдары.

- «Министрліктің қарасты KazakhExport ұйымы бар, оны келесі жылдан бастап экспорттық-несиелік агенттікке айналдыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біздің басшылығымызбен қаржылық емес сипаттағы экспорттаушыларды қолдаумен айналысатын "QazTrade" сауда саясаты орталығы" АҚ бар. Біздің міндетіміз – ҚР тысқары кәсіпорындар үшін қолайлы жағдай жасау», – деді вице-министр.

Сонымен қатар, Қайрат Төребаев Қорғас ХШЫО-ның 80 млн.дейін Шыңжаң нарығы мен шекара маңындағы аумақтарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін арнайы экономикалық аймағының қызметі туралы хабарлады.

Осындай орталықтарды ҚХР, Өзбекстан, Каспий теңізінде, сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтаарда құрылуда.

Миссияға қатысушылар ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуды жалғастыруға және елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту үшін бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.