Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2022 жылы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы Жұманғарин азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Шымкент қаласына барады. 

Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.

Негізгі іс-шаралар Шымкент қаласының әкімдігінде келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Шымкент қ., Ерімбетов к-сі, 304г.

Азаматтарды қабылдау сағат 17.15 – 17.45-те өтеді.

Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері), брифинг - сағат 17.45 – 19.00-де.

Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ), әкімдік тел. арқылы: +7 702 952 8855 (Бердалиев Бауыржан).

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 775 882 8508 (Тойлыбаева Акбота Жаксылыковна).

Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 23 қараша сағат 13.00-ға дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 702 822 0520 (Молдир Кеуенова).

Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.

Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдің орынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз.