
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы сауда миссиясы аясында «QazTrade» Бас директоры Арман Абенов пен Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ұлттық маркетинг орталығының директоры Валерий Садохо арасында кездесу өтті.
Садохо мырза Ұлттық маркетинг орталығы Беларусь Республикасының сыртқы экономикалық қызметін қолдау және дамыту, тауарларды үшінші елдердің экспорттық нарықтарына жылжыту бойынша бірқатар қызметтерді ұсынатын жетекші консалтингтік кәсіпорындардың бірі екенін (20 жылдан астам тәжірибесі бар), сонымен қатар, сатып алу рәсімдері кезінде жан-жақты қызмет көрсететінін айтты.
«Біздің ұйым Беларуссияның шет елдермен сауда-экономикалық қатынастарын дамыту саласындағы Сыртқы істер министрлігінің саясатының жүргізушісі болып табылады. Беларуссия экспортын жылжыту және Беларусь кәсіпорындарына қажетті қолдау көрсету Ұлттық маркетинг орталығының басым бағытымен айқындалады», - деді Орталық директоры.

«Біз бүкіл әлем бойынша белоруссиялық кәсіпорындардың тауарларын сатып алуға серіктес іздейміз», - деді Валерий Садохо.
Атап айтқанда, ол Орталықта Қазақстанда жақында құрылған export.gov.kz- export.by порталының аналогы ойдағыдай жұмыс істеп жатқанын айтты. «Порталда Беларуссия кәсіпорындарының 20 мың өнімі туралы ақпарат жарияланды. Экспорттаушыларға ыңғайлы болу үшін 103 ел туралы тиісті ақпарат: осы елмен өзара сауда құрылымы, тауарлар импорты шарттары, тарифтік/тарифтік емес реттеу жарияланды», - деді ол.
Орталық өкілдері сондай-ақ қазақстандық делегацияға Орталық Беларусь Республикасындағы электрондық мемлекеттік сатып алулардың операторы болып табылатындығын хабарлады: «Бүгінгі таңда барлық мемлекеттік сатып алулардың шамамен 40%-ы электронды түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ бұл көлемді ұлғайту жоспарлары бар».
«QazTrade» Бас директоры Арман Абенов қазақстандық «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығының» жұмысы, қазақстандық экспортты қолдау порталының іске қосылуы және жұмыс істеуі туралы айтты. Сондай-ақ, Қазақстаннан шикізаттық емес экспорт көлемін, оның ішінде Беларуссия аумағына кеңейту жоспары туралы атап кетті
Тараптар тәжірибе алмасуға, оның ішінде экспорттық бағытта алғашқы қадамдар жасағысы келетін кәсіпкерлерді оқытуға келісті. Беларусь тарапының тауарларды Еуропалық Одақ елдерінің нарықтарына жылжытуда, ал қазақстандық тарап - Орталық Азия мен Қытай нарықтарын дамытуда көп тәжірибесі бар.
Айтпақшы, әңгіме барысында Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ұлттық маркетинг орталығы ақысыз негізде Беларусь кәсіпорындарына қолдаудың барлық түрлерін көрсететіні белгілі болды. Қазақстандық «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» кәсіпкерлерге ақысыз қызмет көрсетеді.