
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 2020 жылдың 26 ақпанында Өзбекстанның Үргенч қаласында Үкімет басшылары деңгейінде өткен екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастық форумында сөз сөйледі.
Сауда министрлігінің басшысы атап өткендей, «Қазақстан мен Өзбекстан бүгінде өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған үлгілі қарым-қатынастарды көрсетіп отыр».
Форум сауда мен экспортты дамыту үшін идеялар жинақталатын орын болып табылады, бұл біздің сыртқы сауда көлемін 5 млрд. $ дейін жеткізудің және 10 млрд. $ мөлшерінде белгіленген перспективаларының әлеуетті мүмкіндіктері жағдайында өзекті болып табылады.
Қазіргі таңда екі елдің әрқайсысы ішкі нарық пен азық-түлік қауіпсіздігін қанықтыру аясында ұқсас жобалармен жұмыс істеп жатқанын ескере отырып, Бақыт Сұлтанов жалпы күш-жігерді біріктіріп, бір жобаға енуді ұсынды.
Бұл жерде екі елдің экономикасы бірін-бірі өзара толықтыратынын атап өту қажет: Қазақстан Өзбекстанға астық, ұн, картоп және күнбағыс майын, ал Өзбекстан Қазақстанға жаңа піскен жемістер мен көкөністерді жеткізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ҚР барлық өңірлерін қамтитын көтерме-бөлу және агро-логистикалық орталықтардан тұратын сауда-логистикалық инфрақұрылым құрылуда.
Орталықтар ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу, калибрлеу, буып-түю және тарату үшін қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады.
Ірі көтерме-тарату орталықтарының бірін Өзбекстанға шекаралас Түркістан облысында салу жоспарланып отыр.
Өзбекстанда да осындай көтерме-тарату орталықтарын құру жұмыстары жүргізілуде.
- Осыған байланысты, біздің елдердегі көтерме-тарату орталықтарының инфрақұрылымын ықпалдастыруды ұсынамыз және әр тараптың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін өнімдерді одан әрі Үшінші елдерге экспорттай отырып, орталықтардың жұмысына белсенді қатысуға шақырамыз. Мысалы, Ресей мен Қытайға, - деді Министр.
Осындай жүйенің нәтижесінде Орталық Азияның ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерінің бірыңғай пулын құра алатын боламыз.
Бұдан басқа, сауда министрі атап өткендей, «Кейіннен біз көтерме-тарату орталықтарын «Орталық Азия» сауда-экономикалық ынтымақтастық Халықаралық орталығымен байланыстыра алатын боламыз, оны құру туралы біздің мемлекет басшылары келісімге келді».
Орталық құрудың басты оң аспектілері ретінде Министр шекаралық аумақтарда Логистикалық қызмет көрсету нарығын кеңейтуді (сақтау, орау, жинақтау, экспорт алдындағы қайта өңдеу және т.б.) және Бизнестің шекаралық өзара іс-қимылын ынталандыруды атап өтті.
Бұдан басқа, біз шекарадағы ұсақ-көтерме және бөлшек сауданы реттей аламыз.
Біздің көтерме-тарату орталықтарымыздың жұмысын Орталық жобасы арқылы біріктіре отрып біз үздіксіз жеткізу саласында одан да үлкен әсерге қол жеткіземіз.
Болашақта біз Қытай нарығына шығу үшін дамыған инфрақұрылымы бар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын іске қосар едік.
Сонымен бірге, - деді ол, - осындай жағдай біз үшін маңызды және біз тарифтерді төмендету, оның ішінде транзиттік, сауда мен транзит рәсімдерін оңайлату, бір-біріне қатысты ашық сауда саясатын қолдану арқылы екіжақты сауданы арттыру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауды жалғастыратын боламыз.