ҚР СИМ Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері талқыланды

ҚР СИМ Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері талқыланды

2020 жылға арналған жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарының аясында, 2020 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның дәріскерлері болып Министрліктің Стратегия және цифрландыру департаменті директорының орынбасары Б. Абылкасымов және Қаржы және активтер департаментінің қаржы басқармасының басшысы
А. Дюсенова қатысты.

Семинар барысында стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың актуалды мәселелері, сауда, техникалық реттеу және метрология және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларына бағытталған жобаларды қаржыландыру және жүзеге асыру, Министрліктің түйінді көрсеткіштеріне жету сұрақтары талқыланды.

Қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауап алды.