
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Эталон орталығында» болды.
Сапар барысында Комитет төрағасы Қуаныш Елікбаев Премьер-Министрдің орынбасарын мемлекеттік стандарттар қорының жұмысымен, қысым бірлігінің, уақыттың, жиіліктің, түс координаттарының, жарық күшінің, жарықтандырудың, ұзындық пен масса шамаларының электр бірліктерінің мемлекеттік эталондарымен таныстырды.