
Еуразиялық экономикалық комиссиядағы қызметкерлер лауазымдарына орналасу үшін қатысуға ниет білдірген кандидаттармен бейнеконференцбайланыс режимінде әңгімелесу өткізілетін болады.
Әңгімелесу уақыты мен күні үміткерлерге қосымша хабарланатын болады. Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына кандидаттардың біліктілігін іріктеу қағидаларының» 10-тармағында көрсетілген кандидаттардың кәсіби деңгейі және өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланатын болады.
ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына біліктілік іріктеу нәтижелері 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.