Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Абай облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Жұмыс сапары аясында Арман Шакқалиев көкөністер: картоп, сәбіз, пияз, қызылша және қырыққабат өсіру бойынша өңірлік көшбасшы болып табылатын «Агрофирма «Приречное» ЖШС-де болды. Шаруашылықта барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы, суару жүйесі және 14 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны жыл сайын 7-9 мың тонна картоп, 2 мың тонна сәбіз, қырыққабат және пияз өндіреді.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр 2 148 сауда орнына есептелген "Ақшын" базарының жұмысымен танысты.  Нысанның жалпы ауданы 19 мың шаршы метрді құрайды.

Әлихан Бөкейханов атындағы университетте Арман Шакқалиев Абай облысының тұрғындары мен кәсіпкерлерімен кездесті, олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру, азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шаралары және т. б. мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.

Бірінші вице-министр атап өткендей, үкімет қазір тауар өндірушілерге қаражат тікелей түсуі үшін "айналым" схемалары бойынша қаржыландыру бөлу тетіктерін өзгертуде. Тауар өндірушілер өз кезегінде шикізат пен өнімді төмен бағамен сатып ала алады. Бұл, әсіресе, маусымаралық кезеңде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт өсуіне жол бермейді.