
2022 жылғы 1 қараша Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Шаққалиев Арман Абайұлы Павлодар облысына келіп, азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездеседі.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Павлодар қаласы, Луговая көшесі 16, "Атамекен" ҰКП.
Картоп келісімшарттары бойынша көшпелі кеңес сағат 14.30 - 15: 30-да өтеді.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) - сағат 15:30 - 16: 30-де
Азаматтарды қабылдау – сағат 16: 30 - 17: 00-де
Брифинг - сағат 17: 00 - 17: 30-де
Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ), өңірдегі тел. бойынша: +7 777 449 5239 (Нина Набиевна Успанова).
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін өңірдегі тел. бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 777 449 5239 (Нина Набиевна Успанова).
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 1 қараша сағат 14.00-ға дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 701 701 01 34 (Жанна Сисембаева).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.