
Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылғы 31 қаңтарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Бек Эйр әуекомпаниясына Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сот талап-арызын берген болатын.
2020 жылғы 20 ақпанда талап арыздың алдын ала қаралуы өтті, оның қорытындысы бойынша сот істі соттылығы бойынша, Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына беруді анықтады. Комитет осы шешіммен келіспейді, 2020 жылғы 21 ақпанда Нұр-сұлтан қалалық МАЭС сотының ұйғарымына жеке шағым берілді. Комитет Нұр-Сұлтан қалалық сотының қолданыстағы заңнама негізінде талап арызын қарауды талап етеді.