Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Серік Жұманғарин жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

2022 жылғы 29 қазан күні Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қостанай облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен, бизнес өкілдерімен, аймақ жұртшылығымен кездесті. Кездесу барысында вице-премьер үкіметпен азаматтарды әлеуметтік қолдау, негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру аясында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

  • Бүгін азаматтардың жеке қабылдауында облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері жұмыртқа, ет, сүт өнімдерін өндіру мен өткізуге қатысты тың мәселелерді көтерді. Өндірушілер өндіріс көлемін қамтамасыз етуге және ұлғайтуға дайын, оларға мемлекеттің қолдауы қажет. Өз тарапынан үкімет қазір "айналым" схемалары бойынша өндірушілерге қаржыландыру бөлу тетіктерін өзгертуде, осылайша қаражат тікелей өндірушілерге түседі және олар шикізат пен егінді төмен бағамен сатып ала алады. Бұл негізгі азық-түлік бағасының күрт өсуін болдырмауға көмектеседі, әсіресе маусымаралық  уақытта. Жақында қант зауыттарымен меморандумдарға қол қойылды, айналым қаражаты шикізатты уақытылы сатып алумен қатар, оларға өндірісті жаңғыртуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сауда және интеграция министрі азаматтар мемлекеттен «әлеуметтік жәрдемақыны» алуды көздейтін әлеуметтік әмиянды іске асыру жобасына жеке тоқталды. «Әлеуметтік әмиян» азаматтың ЖСН негізінде автоматты түрде құрылады, оған мемлекеттен бөлінетін ақша түседі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін "әлеуметтік әмиян" модулі eGov mobile қосымшасында қол жетімді болады. Ол үшін бар болғаны "әлеуметтік әмиян" қосымшасын жүктеп, авторизация мен сәйкестендіруден өту қажет. 2022 жылдың соңына дейін пилоттық жобалар шеңберінде әлеуметтік әмиянда мемлекеттік қызметтің үш түрі тестіленеді.

Кездесуге келген қатысушылардың бірі - "Казторгтранс" ЖШС директоры Халиулла Гран Ака отандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығарудағы өнеркәсіптік қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қағидаларының жаңа редакциясынан ұнды алып тастау мәселесін көтерді. Ол бұл мемлекеттің айтарлықтай қолдауы екенін, соның арқасында бұрын ұн өндірушілер көлік шығындарын өтейтінін атап өтті. Серік Жұманғарин экспорттаушыларға шығындарды өтеу тоқтатылмағанын, әрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде 2022 жылы көзделген ұн өндіру кәсіпорындарының барлық өтінімдері міндетті түрде қаралатынын баса айтты. Бұдан басқа, қазір сауда және интеграция министрлігі агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шығарылған түрлерін өңделген тауарлар тізбесіне қайтару бөлігінде бұйрыққа өзгерістер дайындады. Кездесу қорытындысы бойынша министр брифингте қатысып, БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Сапар барысында Серік Жұманғарин жармалардың ең кең ассортименті бар Қазақстан өндірушілерінің үштігіне кіретін "Мибеко" ЖШС қызметімен танысты. Компанияның бас директорының орынбасары Мырзамұқым Қадыровтың айтуынша, кәсіпорын Қазақстанның 5 өңірін өз өнімдерімен қамтамасыз етіп, 9 елге экспорттайды. Сондай-ақ, вице-премьер Қазақстанның ірі агрохолдингтерінің бірі "Олжа Садчиковское" ЖШС сүт фермасында болды. Өндіріс 7000-ға жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын сүттің барлық өндірістік циклін цифрландырды, өсімдік және мал шаруашылығында ғылыми тәсілді қолданады. Агрохолдингтің одан әрі дамыту, оның ішінде көтерме-тарату орталығын салу бойынша үлкен жоспарлары бар. Барлық жобалар вице-премьерге ұсынылды.