
2022 жылы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Жұманғарин Серік Мақашұлы азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Қостанай облысына барады.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қостанай ауданы, Тобыл қаласы, «Золотой колос» МҮ, 1 қабат.
Азаматтарды қабылдау сағат 9.30 – 10.00-де өтеді.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) – сағат 10.00-11.00-де.
Бифинг - сағат 11.00 – 11.15-те.
Брифингтің онлайн көрсетілімі және қоғаммен кездесу Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тікелей эфирде көрсетіледі (Youtube сілтемесі https://www.youtube.com/channel/UC-X3ba3p4YMfrhm5FzlS8jQ ).
Сіз Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 701 01 34 (СИМ), әкімдік тел. арқылы: 87142575084.
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: 87142575084.
Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 28 қазан сағат 18.30-ға дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 707 723 0509 (Әлия Әбдірахманова).
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Премьер-Министрдің орынбасарына сұрақ қоюға шақырамыз.