«Еуразиялық пул»: журналистер ЕАЭО қызметінде Қазақстан интеграциясының практикалық нәтижелерімен танысты

«Еуразиялық пул»: журналистер ЕАЭО қызметінде Қазақстан интеграциясының практикалық нәтижелерімен танысты

2020 ж. 20 ақпан Нұр-Сұлтан (Қазақстан) Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова мен Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы Жәнібек Нупиров Интеграция туралы шарттың күшіне енгеніне және еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанына 5 жылдығына арналған баспасөз турына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Бұл 2020 жылы іске асырылатын «Еуразиялық көпір» халықаралық ақпараттық-ағартушылық жобаның бірінші кезеңі.

Шетелдік әріптестердің (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы) журналистері сапарының мақсаты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі қызметінің алғышарттары, негізгі бағыттары және еуразиялық кеңістіктегі сауда қатынастары мен интеграциялық үдерістердің перспективалары туралы халықтың кең ауқымын ақпараттандыруды арттыру болды.

Әңгімелесу барысында Министрліктің маңызды интеграциялық жобалары, сондай-ақ 5 елде сауданы цифрландыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ЕАЭО-ның ағымдағы ахуалы мен интеграциялық үдерістер үшін заманауи сын-қатерлер талқыланды.

"Бүгінгі таңда кедергілерді және классикалық төрт еркіндікті жою бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде, бұл интеграциядан пайда алуға мүмкіндік береді.

ЕАЭО жұмыс істеу кезеңінде Қазақстанның әріптес елдермен өзара саудасы 23,3 пайызға - 16,3 миллиард доллардан 20,1 миллиард долларға дейін өсті. ЕАЭО елдерінен инвестиция ағыны 5,5 миллиард доллардан асты, бірлескен кәсіпорындар саны екі есеге, 12 мыңға дейін артты».