Сауда және интеграция министрлігінде Республика күнінің салтанатты мерекесі өтті

Сауда және интеграция министрлігінде Республика күнінің салтанатты мерекесі өтті

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Республика күніне арналған салтанатты жиналыста министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін ұлттық мерекемен құттықтады.   

  • 32 жыл бұрын, 25 қазан күні Қазақстан алғаш рет өзін болашақ дамуының оразан зор көрінісі бар ел ретінде жариялады.  Міне биыл Президент бастамасымен республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. Егеменді еліміздің дамыту, халықаралық кеңістіктегі рөлін одан әрі нығайту жолындағы мақсаттар мен міндеттерді Сауда және интеграция министрлігі нәтижелі жүзеге асырып келеді,-деп атап өтті Вице-премьер өз сөзінде.

Сондай-ақ, Серік Жұманғарин СИМ-нің тәуелсіз ведомство ретіндегі 3 жылдағы негізгі жетістіктерін атап өтті. Қазақстанның жалпы тауар айналымы 2019 жылы 96 миллиард доллардан 2021 жылы 101,5 миллиард долларға дейін өсті. Пандемиялық жылдарға қарамастан экспорт көлемі ұқсас кезеңде 58,4-тен 60,3 миллиард АҚШ долларына дейін, импорт 37,8-ден 41,3 миллиард АҚШ долларына дейін өсті. Қазақстанның Еуразиялық Кеден одағына қатысушы елдер арасындағы тауар айналымы 68,7 млрд долларға жетті. Еуразиялық интеграция шеңберінде Қазақстанның әріптес мемлекеттерге экспорты шамамен 20 млрд АҚШ долларына жетті.  Сондай-ақ, Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, ауыл шаруашылығы өндірушілерін тікелей мемлекеттік қолдаудың жаңа тәсілдерін іске асыру жөніндегі міндеттерді шешу қажеттігін атап өтті.   

Бұл күні министрлік және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды, олар: "Құрмет" орденімен - Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев, СИМ Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры Әлия Әлімбетова; "Ерен еңбегі үшін" медалімен - "Қазақстандық стандарттау және метрология институты" РМК бас директорының орынбасары Жанат Бегайдаров, Алматы қаласы сауда департаментінің басшысы Геннадий Данияров, "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы "АҚ Бас директорының орынбасары Әсел Егембердиева, Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Светлана Занегина, "Ұлттық аккредиттеу орталығы" РМК Бас директорының орынбасары Еркебұлан Мұхтар. Белсенді өмірлік ұстанымы мен ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы экспортты ілгерілету департаменті директорының орынбасары Мұрат Қасымбековке және Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Данияр Досымовқа табысталды.

Сондай-ақ, Министрліктің 41 қызметкері ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.