Қарағанды облысының кәсіпкерлері экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

Қарағанды облысының кәсіпкерлері экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

Қарағанды облысының кәсіпкерлері экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды

21 қазанда QazTrade Қарағанды облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдің экспортқа бағдарланған компанияларымен кездесу өткізілді.

Кездесуде кәсіпкерлерге отандық шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспортын ілгерілету бойынша  мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты таныстырылды. Іс-шара барысында ұсыныстар мен проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «QazTehna» ЖШС, «Минова Казахстан» ЖШС және «Мутлу» компаниялар тобысының сұранысы бойынша экспорттаушыларға тасымалдау шығындарының бір бөлігін өтеуді қамтамасыз ету механизмі, өнімді ілгерілету, экспортты жеделдету бағдарламалары және электрондық сауда алаңдарына қол жеткізу, сондай-ақ көрмелер мен сауда-экономикалық миссияларға қатысу бойынша түсіндірмелер берілді.

         Іс-шараға «QazIndustry» АҚ және Қарағанды облысы ӨКП аудандық филиалдарының өкілдері қатысты.

Сапар аясында QazTrade өкілдері Саран қаласындағы «QazTechna» ЖШС автобус және коммерциялық техника шығаратын зауытқа барды.

Зауыт 2021 жылдан бері жолаушылар тасымалына арналған 347 автобус пен электробус құрастырып шығарған. Биыл жыл соңына дейін қоғамдық көлік желісін жаңарту бағдарламасы аясында өңірлерге 700-ден аса автобус пен электробус жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 208 автобус еліміздің тоғыз облысындағы білім беру ұйымдарына жіберілмек.

Зауыт әлемдегі жолаушылар көлігін өндіруші Yutong компаниясымен серіктестік орнатқан. Серіктестік аясында компания қазақстандық зауытқа қажетті технологияны кезең-кезеңімен береді. Қазіргі кезде автобустар бөлшегінің 33 пайызы жергілікті материалдардан құрастырылады. Алдағы бес жылда бұл көрсеткішті 50 пайыздан асыру жоспарланып отыр. Бүгінде зауытта 560 адам жұмыс істейді.

«QazTechna» ЖШС экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Компания Ресейге техниканы экспорттауды бастауды жоспарлап отыр.

 

Справочно: Анықтама үшін: Қарағанды облысының экспорттаушылары мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдануда. Осылайша, 2022 жылы облыстағы 12 кәсіпорын («Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Гормонтажпроект» ЖШС, «НПО Дефектоскопия» ЖШС, «KazGus» ЖШС, «МАЛУ» ЖШС, «Қазақстан Өнеркәсіпке жәрдемдесу институты» ЖШС, «Казарматура зауыты» ЖШС, «Kaz-Metiz» ЖШС, «Global Light» ЖШС, «Profland-RT» ЖШС, «Цэм-Геомаш» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС) Экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушы болды; Alibaba электронды сауда алаңында «алтын» жеткізуші мәртебесін 4 компания («Карташ» ЖШС, «ЦЭМ-Геомаш»ЖШС, «Энергосистемы ЭЛТО» ЖШС, «Сантехпром» ЖШС) алды; сауда-экономикалық миссияларға белсене қатысып, оның шеңберінде экспорттық келісімшарттарға қол қойылды; 19 кәсіпорын 800 миллион теңгеден астам экспорттық шығындарының бір бөлігін өтей алды.