
ҚР Сауда және интеграция министрлігі экспортты дамыту және жылжыту саласында ұлттық даму институттары арқылы өңделген өнімді отандық экспорттаушылардың мүдделерін кеңейту және ілгерілету мақсатында қолдау көрсетудің тиімді шаралары кешенін іске асыруда:
«Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін, оларды жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесін өтеу» қағидаларға сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу:
- шетелде тауарларды жарнамалауға байланысты шығындарға;
- көрмелерге, жәрмеңкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға арналған шығындарды өтеу; тіркеуге байланысты рәсімдерді жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу;
- ұйымдардың стандарттарын қоса алғанда, тауарлардың техникалық регламенттерінде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына сәйкес келу рәсімдеріне немесе тауарларды шетелде өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығын растауға байланысты іс-шараларды жүргізуге арналған шығындар (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері және басқа құжаттар);
- тауарларды темір жол, әуе, автомобиль, теңіз көлігімен жеткізуге байланысты және тасымалдарды ұйымдастыру жөніндегі шығындарға.
Атап айтқанда, 2019 жылы өтеуге мәлімделген соманың 50% - на дейінгі мөлшерде дайын өнімді тасымалдау бойынша өтемді, оның ішінде соңғы межелі пунктке дейін Ресей, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан және Қытай нарықтарына өнімді жеткізетін 139 экспортқа бағдарланған кәсіпорын алды. Бұл олардың көлік шығындарын 4 млрд. теңгеге дейін төмендетті.
Сонымен қатар, 2019 жылы 92 экспорттаушы 139,3 млрд.теңге сомасына жеңілдікті кредит алды, 74 экспорттаушы 90 млрд. теңге сомасына сақтандыру қолдау алды, сондай – ақ 3 млрд. теңге сервистік қолдауға бағытталған.
Анықтама: Бұл оларға 2019 жылы өндіріс көлемін 9% - ға, экспорттық түсімді 30% - ға, салық аударымдарын 45% - ға арттыруға мүмкіндік берді.
Тауықтың жұмыртқалары, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындар ішінара өтелетін тауарлар тізбесіне кіреді.
Оларды жылжыту бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың толық тізбесімен сілтеме бойынша өтіп танысуға болады: