Елдегі қолөнер қызметтерін стандарттау саласындағы алғашқы жоба

Елдегі қолөнер қызметтерін стандарттау саласындағы алғашқы жоба

Qazaq-Oner қолөнершілер орталығы – Алматы қаласында құрылған, қазақ халқының халықтық-қолданбалы шығармашылығын дамыту және танымал ету саласындағы эталон болып табылатын еліміздегі алғашқы және бірегей жоба.

ҚР СИМ КТРМ ҚазСтандарт Qazaq-Oner қолөнершілер орталығының ҚР СТ 3686 «Қолөнер орталықтары. Жалпы талаптар. Бағалау» ұлттық стандартына сәйкестігіне мүліктік бағалау жүргізді. Бағалау «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Tourism ҰК»АҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.

Qazaq-Oner ұлттық стандартқа өте жоғары деңгейлі сәйкестікті көрсетті.

«Еліміздегі алғашқы Qazaq-Oner қолөнершілер орталығы жайлы бастамашылық жасап, оны ашу ғана емес, сонымен қатар ҚР СТ 3686-2020 «Қолөнер орталықтары. Жалпы талаптар» ұлттық стандартына сәйкестік сертификатын алу біз үшін зор мәртебе. ҚазСтандарт бұл олардың қолөнер қызметтерін стандарттау саласындағы алғашқы жобасы екенін хабарлады. Біз осындай жоғары мемлекеттік бағалауға қол жеткізгенімізге қуаныштымыз әрі мақтанамыз!»,- деді Qazaq-Oner Ұлттық қауымдастығының президенті, Ph.D Айгүл Жансерікова.