Серік Жұманғарин азаматтарды онлайн қабылдау өткізді

Серік Жұманғарин азаматтарды онлайн қабылдау өткізді

Бүгін, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азаматтарды онлайн қабылдауды өткізді.

Қабылдау барысында ҚР-да аяқ киім тауарларын міндетті цифрлық таңбалаудың, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері қаралды.

Таңбалау мәселелерін импорттаушылар мен аяқ киім өнімдерін бөлшек саудада сатушылар атынан кәсіпкерлер тобы көтерді.

Қазақстанда көлеңкелі нарыққа қарсы күрес құралы ретінде тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау 2018 жылы іске қосылды. Мәселен, бүгінгі таңда 4 өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: Үлбір және темекі бұйымдары, аяқ киім, дәрілік заттар. Қапталған суды, құрамында қант бар сусындар мен зергерлік бұйымдарды таңбалау бойынша пилоттық жобаларды іске асыру жүргізілуде.

Бизнес өкілдері мемлекеттік органдардың міндетті таңбалау мәселелерін одан әрі қарау кезінде олардың ұстанымдары мен ұсыныстарын ескеруді сұрайды.

Бизнес өкілдерін тыңдағаннан кейін Серік Жұманғарин Үкіметтегі алдағы кеңесте аяқ киім тауарларын таңбалау мәселелерін, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен таңбалау кодтарын өзара тануды қамтамасыз ету қажеттігін егжей-тегжейлі қарауды ұсынды.

Ведомство басшысы барлық өтініштерге толық жауап беріп, оларды жеке бақылауға алды. Бұл ретте жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.